Бастауыш сыныптардың апталығы

14.10.2026

Ақкөл қаласындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сыныптардың апталығы өз бастауын алды! 
🌈 Апталық аясында оқушыларды қызықты әрі мазмұнды сәттер күтіп тұр:
📖 Ашық сабақтар мен танымдық тапсырмалар;
🎨 Түрлі қызықты іс-шаралар;
🧩 Ребустар мен жұмбақтардың шешімін табу;
🎲 Ойлау қабілетін дамытатын танымдық ойындар;
💡 Білім мен тапқырлықты ұштастыратын шығармашылық жұмыстар.
🌟 Әр сабақ – жаңа мүмкіндік, әр тапсырма – жаңа ізденіс, әр жетістік – үлкен қуаныш! Бүлдіршіндеріміздің білімге құштарлығы артып, апталық қызықты да жарқын сәттерге толы болсын!

Просмотров: 192

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу